Универсиада

«Универсиада-2017»  күніне орай 6,7-сынып арасында эстафеталық жарыс өтті

 26 қаңтар Казгородок орта мектебінде «Универсиада-2017»  күніне орай 6,7-сынып арасында эстафеталық

жарыс өтті. Жарыстың негізгі мақсаты:оқушылар арасында  салауатты  өмір салтын  қалыптастыру,оқушыларды достыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу және спорт түрлеріне белсене араласуы. Ойын командалық түрде жүргізілді. Команда әр сыныптан жеті оқушыдан құралды. Жарыс мынадай түрлерден тұрды:

1.Таныстыру кезеңі.  

2.Шегіртке

3.Секіртпемен жүгіріп барып тапсырманы орындау.

4.Доп ұру.

5.Қасықпен су тасу.

6.Допты себетке салу.

7.Тепе-теңдікті сақтау.

8.Қаппен жарысу.

 Жарыс нәтижесі бойынша 7 «а» сынып оқушылары І орынға иеленді. 6 «а» ІІ орынға иеленді.7 «ә» ІІІ орынды иеленді. Шара соңында жеңіске жеткен командаларды мектеп директоры  Степняк қаласындағы «Жастар ресурстық орталығының» дайындаған  сыйлықтарымен және марапат қағаздарымен марапаттады.

 

Автор: Тлеубергенова Б.С.
Просмотров: 184
Дата создания: 3 Марта 2017 г.
Дата редактирования: 3 Марта 2017 г.